​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАҚТАН ТҰТАР ЖАС МАМАН.

03.04.2017

МАҚТАН  ТҰТАР  ЖАС  МАМАН.

 «Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім...»

деген өлең жолдары  біздің әріптесіміз, жас маман,тарих пәнінің мұғалімі Рахимов Ермек Төлегенұлы  туралы айтылғандай.

   Рахимов Ермек Төлегенұлы 1987 жылы 29 қарашада Жақсы ауданы Терісаққан  ауылында    дүниеге келді.  Орта мектепті  2005 жылы  бітіріп,Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда  университетінің “Экономика  және бизнес” факультетін  тәмамдады.  2009-2010  жылы  Қазақстанның  қарулы  күштер  қатарында Отан алдындағы борышын    абыроймен өтеді.Марқұм атасы Қасымов Рақым Қасымұлының ізін  басып, туған мектебінде  тарих пәні  мұғалімі және аға тәлімгер болып еңбек  жолын  бастады. Ұстаздық жолға түскеннен бері Ермек Төлегенұлы әр тәрбиеленушісін жете зерттеп,олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады .

 

     Біздің  мектебіміздегі  «Жас ұлан»  ұйымының    жетекшісі  болып бірнеше жыл  еңбек етіп, өскелең ұрпақтың тұлға  ретінде  қалыптасуын  жоғары  рухани-адамгершілік құндылықтар мен  демократиялық  ұстанымдарға негіздеп,шығармашылық іс-әрекетке  тәрбиеледі.Үстел  теннисімен  аса  қызығушылықпен  шұғылданып,оқушыларды  саламатты өмір  салтын ұстануға зор үлес қосуда.

     2013 жылы Көкшетау   Ш.Ш. Уалиханов  атындағы мемлекеттік университетінің  “тарих” мамандығын  тәмамдады.

      2013  жылдың  қыркүйек айында  «Нұр отан» партиясының мүшесі  болып, барлық күш-жігерін  саналы, білімді, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу жолына салуда.

 

Бастауыш партия ұйымы ішінде  Елбасымыздың халыққа Жолдауын насихаттау,  жастар арасында партиялық  ақпараттық материалдарды жариялау және іс-шараларға қатысу Ермек Төлегенұлының  атқарған игілікті істерінің бірі.

     Ізденімпаз,зерттеуші,еліміздің,ауылымыздың тарихын сүйіп,қадірлейтін азамат.1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында қан майданда хабарсыз кеткен  немесе қасық қаны таусылып қаза тауып,жерленген орындары туған-туысқандарына беймәлім  жауынгер жерлестеріміз жайлы  ақпараттарды тынымсыз іздестіруде.Бірнеше  жауынгердің  туғандарына  қуанышты хабарды  естірткен.

      Білім саласына  заман талабымен ендіріліп  жатқан жаңа  ақпараттық жүйелерді  меңгеріп ,күнделікті жұмыс  барысында  әріптестеріне  үлкен көмек көрсетеді.

      Ермек Төлегенұлы өмірдегі орнын өзінің зейін білімімен,адал еңбегімен,бойындағы адами қасиеттерімен тапқан азамат.Ермек Төлегенұлы – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы .Қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде–бір жалықпайтын адам. Биіктерге қарай қанаты талмай, самғай ұша беруіне тілектеспіз.

                                              Г.Каймулдина.

                                            Терісаққан  ауылының

                                            бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Просмотров: 436

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст