«Терсақан негізгі мектебі» КММ-нің
9 сынып мектеп бітірушілер ата-аналарының жиналысының
ХАТТАМАСЫ № 1
18 қаңтар 2020 жыл
Тақырыбы: «9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру »
Қатысқандар: 12
Қатыспағандар: 1
9 сынып жетекшісі: Бетенова Г.С.
Күн тәртібінде:
1. «9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру » №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.) таныстыру
2. 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау кезіндегі тәртібімен таныстыру
3. Мемлекеттік емтихандарымен және таңдау пәнімен, мектепішілік бұйрығымен таныстыру
Өту барысы
1. Бірінші сұрақ бойынша оқуісіінің орынбасары Уаисова Ш.Шқызы 9 сынып оқушыларын, ата-аналарын «9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру » №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.) таныстырды. Мектеп бітірушілерді және ата-аналарына биылғы жылғы мемлекеттік емтихан жаңаша түрде өткізілетіні ескертілді. Барлық 4 емтихан да жазбаша түрде өтеді, барлық емтихан тапсырмалары облыстық Білім беру бөлімінен жіберіледі деп айтылды. Барлық емтихан тапсырмалары баллмен қорытындылады және осы балдар бағаға айналады деп айтылды.
2. Екінші сұрақ бойынша 9 сынып жетекшісі Бетенова Г.Сқызы сөз сөйледі. Өз сөзінде Бетенова Г.Сқызы 9 сынып оқушыларын мемлекеттік емтихандарының материалдары туралы айтып өтті. Қазақ тілі мен әдебиет пәні емтихан барысында жазбаша емтихан (оқылым мен жазылым дағдыларын тексеру). Емтихан жұмысының құрылымы екі мәтінмен жұмысты қарастырады (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз): мәтіндер негізінде жазба жұмысы (мақала, пікір, эссе және басқалары) орындалады, онда мәтіндерден алынған аргументтер мен фактілер, сәйкес лексика қолданылады (200-250 сөз). Максималды балл саны: 20.Уақыты ≈ 1 сағат 20 минут. Математика (алгебра) пәні емтихан барысында жазбаша емтихан. Емтихан жұмысының құрылымы:көп таңдауы бар 10 тапсырма; қысқа және толық жауаптарды қажет ететін 10 тапсырма. Максималды балл саны: 50 (білу және түсіну деңгейі – 50%, қолдану – 30%, жоғары деңгей дағдылары – 20%).Уақыты ≈ 3 сағат. Орыс тілі пәні емтихан барысында Жазбаша емтихан. Емтихан жұмысының құрылымы:көп таңдауы бар 10 тапсырма; қысқа және толық жауаптарды қажет ететін 10 тапсырма. Максималды балл саны: 50 (білу және түсіну деңгейі – 50%, қолдану – 30%, жоғары деңгей дағдылары – 20%).Уақыты ≈ 3 сағат. Таңдау пәні, Қазақстан тарихы пәні барысында Жазбаша емтихан. Емтихан жұмысының құрылымы: көп таңдауы бар 15 тапсырма қысқа және толық жауаптарды қажет ететін 5 тапсырма.Максималды балл саны: 30 (білу және түсіну деңгейі – 50%, қолдану – 30%, жоғары деңгей дағдылары – 20%).Уақыты ≈ 2 сағат. Бетенова Г.Сқызы мемлекеттік емтихан кезінде қатаң тәртіп болатынын ата-аналарына ескертті.
3.9 сынып оқушылары мен ата-аналарын оқу ісінің орынбасары Уаисова Ш.Шқызы мектеп бұйрығымен таныстырды. 9 сынып мектеп бітірушілері таңдау пәніне Қазақстан тарихы пәнін таңдады.
Шешілді: . 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру ережесін №125 бұйрық өзгерістермен (№509 26.11.2019 ж.) бірге назарға алынсын.Емтихан кезінде мектеп бітірушілер жүргізудің белгіленген тәртібін сақтайды және ұйымдастырушылардың нұсқауларын орындайды, ал ұйымдастырушылар аудиторияда мемлекеттік емтихан жүргізудің белгіленген тәртібін қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
Жиналыс төрайым: Уаисова Ш.Ш
Хатшысы: Бетенова Г.С.