2016-2017 оқу жылы
Терсақан негізгі мектебінің
ІІІ тоқсандағы әдістемелік жұмысының есебі.
2017 оқу жылының қаңтар айында мектепішілік әдістемелік кеңесінің үшінші отырысы өткізілді. Бұл отырыста бес мәселелер талқыланды. Мектепішілік әдістеме жұмысының тақырыбы: «Білім сапасының арььырудың факторы ретінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін әдістемелік қамтамасыз ету.» Оқу ісінің орынбасары Уаисова Ш.Шқызы мектеп мұғалімдерінің құзыреттілігі туралы сөз сөйледі. Өз сөзінде Уаисова Ш.Шқызы төмендегі төрт бағыттарға сүйенді.
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған. Екінші, үшінші, төртінші сұрақтар жөнінде мектеп әкімшілігі сөз сөйледі. Химия, биолгия, алгебра, физика, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндер мұғалімдеріне ескертулер жасалды, себебі ОЖСБ-ға дайындау кезінде 9 сынып оқушылары жоғарыда аталған пәндер бойынша төмен көрсеткіштер көрсетеді және аудандық пәндік олимпиадада мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болған жоқ. Мектеп басшысы Касымова Р.Оқызы мектептің дарынды оқушыларымен әлі де қосымша сабақтар өткізу қажеттігін ұсынды.Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш-жігерін жұмсауы керек екендігін айтты. Каймульдина Г.Ғқызы «Өздігінен білімін жетілдіру, педагогтық кәсіптік өсу шарты» тақырыбында баяндама оқыды. Жаратылыстану-математикалық ӘБ-ің жетекшісі Бетенова Г.Сқызы қараша, желтоқсан айларында өткізілген математика, физика, информатика, биология, химия, технология пәндер бойынша онкүндігі жөнінде есеп берді. Онкүндік барысында әр мұғалім бір сабақтан және сыныптан тыс шара өткізді. Сабақтарды және сыныптан тыс шараларды жақсы дәрежеде өткізген мұғалімдер математика пәні маманы Касымова Р.Оқызы, информатика пәні маманы Рахимов Е.Тұлы, технология пәні мұғалімі Абакарова О.Л. Өткізілген сабақтары мен сыныптан тыс шаралары: «Математикалық пирамида» сайыс сабақ 7- 8 сынып, мұғалімі Касымова Р.О, «Символдық жолдар» 9 сыныпта информатика пәнінен, мұғалімі Рахимов Е.Т, «Қоршаған ортаның ластануы және қоғамның экологиялық мәселелері» биология сабағы 6 сыныпта, мұғалімі Каймульдина Г.Ғқызы, «Квиллинг» технология пәнінен 5 сыныпта, мұғалімі Абакарова О.Л.
Математика пәні мұғаліміне Бетенова Г.Сқызына 9 сыныптағы алгебра, геометрия сабақтарындағы төмен көрсеткіштер үшін және 2 сынып жетекшісі Исахметова А.Ақызына сыныптағы білім сапасының төмен көрсеткіштері үшін мектеп әкімшілігі тарапынан ескертулер жасалды.Мектеп мұғалімдері мен оқушылар қашықтық дистанциондық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Отырыстың соңында ағылшын тілі маманы Уаисова Ш.Шқызы өзінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату жөнінде шығармашылық есеп берді.
Оқу ісінің орынбасары: Уаисова Ш.Ш.