2016-2017 оқу жылы
Терсақан негізгі мектебінде
10-14 сәуір аралығында өткізілген
«Қазақстан-мейірімділік мекені» іс-шарасының есебі
Оқушылардың табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған, олардың пайдасы жайлы білімін кеңейту мақсатында мектебімізде құстар күні аталып өтті. Құстарға қамқорлық жасау мақсатында құс ұялары ілініп, құс ұясын бұзбау керектігі жайлы түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар «Құстар- біздің досымыз» тақырыбында сурет салып, өздерінің құстар туралы білгендерімен бөлісті. 2-4 сыныптан барлығы 10 оқушы құстарға арналған жемсауыттар, ал 8-9 сынып оқушылары барлығы 6 оқушы құс ұяларын жасады.
Өтілген шаралар көктем жаршысы, адамзаттың досы, табиғаттың көркіне айналған құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Т.І.О: Досанова Г.А.