​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыйынар ем, ана деген тәңірге»

04.03.2018

Тәрбие сағат тақырыбы: «Сыйынар  ем,  ана  деген  тәңірге»

Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. 3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар,

Тәрбие сағат барысы:

 «Көңілді  күн» биімен басталады

Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, аяулы ұстаздар  бүгінгі «Сыйынар  ем,  ана  деген  тәңірге» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Оқушы:

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Оқушы:

 Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

Оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Ән: «Ай  дидарлы  анашым!»

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен оқушылардың арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен оқушылардың арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.

Жүргізуші: Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

1.Айарудың  анасы: Султанова Гульжанат Газизовна

2.Ерасылдың  анасы: Тлеугабылова  Бахаргуль  Сериковна

3.Аңсардың  анасы: Баракбаева  Айнур  Сердагалиевна

4.Ермаханның  анасы: Касенова  Динара  Амантаевна

Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары.

1. Таныстыру

2. Мақалды жалғастыр

3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.

4. «Шешеге қарап-қыз өсер» -қолөнер сайысы

Жүргізуші:

Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын, сайлап алсақ жөн болар. –

Әділқазылар:

1. ТІО: Досанова Г.А, 2.  Жапимова Н.Ж: Бастауыш ӘБ жетекшісі

4. Оқушы:

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

5.Оқушы:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

6.Оқушы:

 Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

Би  «Аяпенен  топ-топ»

Жүргізуші:

Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

1.Айарудың  анасы: Султанова Гульжанат Газизовна

2.Ерасылдың  анасы: Тлеугабылова  Бахаргуль  Сериковна

3.Аңсардың  анасы: Баракбаева  Айнур  Сердагалиевна

4.Ермаханның  анасы: Касенова  Динара  Амантаевна

1-ші жүргізуші:

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңдар.

1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/

3. ________ қылығымен көркем. /қыз/

1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/

2. _______ көңілі балада. /ананың/

3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/

1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/

 2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/

3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /

1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./

2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /

3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /

1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./

3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./

1. Өле жегенше, /бөле же./

2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.

Жүргізуші:Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Айналайын ақ  мамам» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Келесі сайыс түрі әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу (аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)

Аналарға арналған: 1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Балаңыз келіп әртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

2. Балаңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Балаңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?

3. Сабақтан кейін балаңыз ескертпестен досының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай, қатты уайымдап отырғанда балаңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Оқушыларға  арналған 1. Досыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

3.Ата-аналар жиналысы  болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

 Окушы:

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Ешқайсысы жоқ сияқты бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен оқушыларымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек.

Оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Оқушы:

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Оқушы:

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Оқушы:

Раушан апай басшылардың бірі ғой,

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атанып жүргені

Осы апайдың арқасында біліп қой

Бірге:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Оқушылар  мұғалімдерге  шағын  сыйлықтарын  ұсынады.

Жүргізуші:

Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін багасын.

Жеңіске жеткен аналардың, оқушылардың

Өркендей  берсін  талабы, дей отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік. Номинациялар:

 1.Биязы ана

2. Мейірімді ана

3. Парасатты ана

4.Аяулы  ана

Просмотров: 650

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст