​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе «Ел есінде мәңгі сақталады саяси репрессия құрбандары есімдері»

16.06.2020

31  мамыр  Қазақстанда сталиндік билік тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

СССР мемлекетінде 1920-1950 жылдары аралығында жүргізілген саяси репрессияға миллиондаған адамдар ұшыраған. Осы жылдары Қазақстанға немістер, шешендер, ингуштар, гректер, ноғайлар, корейлер, қарашайлар, балқарлар, Қырым татарлары, месхетин түріктері және басқа ұлттар бар – көптеген халықтар жер аударылды.

СССР-дің бас лагерь басқармасына (ГУЛАГ) кірген ең ірі лагерь жүйелерінің бірі – Карлаг қазіргі Қарағанды облысы аумағында орналасқан еді. Оның құрамындағы АЛЖИР – «отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» балалар мен әйелдер азапталған. Ресми деректер бойынша, сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннен Қазақстанда ширек миллионға жуық адам зардап шеккен.

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

 Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

         Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

«Қинамайды абақтыға жапқаны,
    Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
   Маған ауыр осылардың бәрінен"
            Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»

- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді.

1937-38 жылдары құрбан болған: «Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т.б.; большевизмды Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров, Б. Майлин және т.б., түркшіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т.б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа «Қазақшыл» азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40-шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. «Ұлы державалық мүддені» қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінден «ұлы державалық шовенизм» үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси-қуғын кезеңі болды.

Біздің ендігі жерде  борышымыз — осы қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау.

 

                                         Ақмола  облысы

                                      Жақсы ауданы

«Терсақан  негізгі мектебі»  КММ

                                             7 сынып  оқушысы

                                            Сабитова Жұлдыз

Просмотров: 797


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст