​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6-9 сынып оқушылары арасында "Отбасы - бақыт" атты флешмоб ұйымдастырды.

18.05.2020

Бүгін – халықаралық отбасы күні
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен.

15 мамыр - халықаралық  отбасы күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. «Қоғамдық пікір» Қорының мәліметтерінше, азаматтардың 56 пайызы отбасыдағы қаржылық қиындықтарды атаған, 22 отбасы баспананың жоқтығын, 10 пайызы денсаулықты, ал 9 пайызы жұмыссыздықты тілге тиек еткен. Отбасындағы білім алу мәселесі де алдыңғы қатарда орын тепкен. Сұралғандардың 6 пайызы балаларға білім беруге қажетті қаржының тапшылығын айтып, шағымданады. 

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст