​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Су тасқыны

10.04.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің  бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.  Тасқынға байланысты бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жарияланды.Біздің, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан ауылымызда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл іс-шаралар ауылымыздың әкімі Кенесова Еркеназ Мұхамедиярқызы басшылығымен жасалды. Бір күні бойы (күндіз, түнде) ауылымыздың бірқатар жастары бар күш-жігерін аямай су тасқынымен күресті. Көрші "Көксай" ауылының тұрғындары көрші ауылға эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Ауыл әкімі Кенесова Е.М. асар-асар көмек көрсеткен тұрғындарға шексіз алғысын білдірді. Аудан әкімі Кадралина Алмагуль Аманжоловна өз қызметкерлерімен және су тасқынымен күресетін техникаларымен келіп көп көмек көрсете білді. Осы қиын кезеңде " бірлік пен ынтымақты сақау керек" деп мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әрқашанда бір- бірімізге көмек көрсетіп, ажырамас ірге боп жүрейік.
https://www.instagram.com/p/C5bjNNVNPZR/?igsh=anZqa3hsMGppM3dj

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст