​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсылық жасауға асығайық!

23.02.2017

                              Жақсылық жасауға асығайық!

      «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

       Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Акцияның мақсаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру. Осындай іс-шара Терсақан негізгі мектебінде де жүргізілді. Акция барысында мектеп ұжымынан төменжағдайлы отбасылардың балаларына қажетті киім-кешек таратылды. Оқушылар да өз  тарапынан «Жасұлан»  ұйымының мүшелері ауылымыздың жалғызбасты қарияларына көмек көрсетті. Және де ауылымыздың ардагер ұстазы болған Мырзағали Дюсембайұлының немересі Астана қаласының «Kinoman» компаниясында жұмыс жасайтын Данияр мен досы Анвар қамқорлық үндеуінің аясында  ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларын қуанышқа кенелту мақсатында тегін 3D  фильмін көрсетіп, барлық көрерменге тәтті базарлық сыйлап бір сәттік болса да, жылылық пен қуанышқа бөледі. Осындай адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытуға келгендеріне ауыл тұрғындары мен мектеп бүлдіршіндері өз алғыстарын білдірді.

 

Терсақан негізгі мектебінің

тәрбие ісінің орынбасары Досанова Г.А

Просмотров: 309

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст