«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
Мұғалімдер күніне дөңгелек үстел
Жүрг: Сәлем бердім, әріптестер, баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамызда да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған біздердің арқамызда
-Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айында тойланатын ерекше мереке «Ұстаздар күні» құтты болсын! Сіздерге арналған мерекелік дөңгелек үстелімізге хош келдіңіздер!
Біздің Терсақан негізгі мектебімізде 16 мұғалім бүгінгі күні еңбек атқаруда. Оның ішінде 6 мұғалім-жас маман. Жас мамандар: Рахимов Е.Тұлы тарих пәні маманы, Рахимова А.Шқызы музыка пәні маманы, Молдыбаева Ә.Ақызы қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі, Амангельдин Е.Мұлы дене шынықтыру пәні маманы, Жакупова М.Мқызы бастауыш сынып мұғалімі, Досанова Е.Ақызы қазақ тілі, әдебиет маманы.Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуге мектебіміздің бірнеше тәжірибелі ұстаздары тәлімгер ретінде тағайындалды. Рахимов Е.Тұлына Жусупова Б.Жқызы география пәні мұғалімі, Рахимова А.Шқызына Уаисова Ш.Ш ағылшын тілі мұғалімі, Молдыбаева Ә.Ақызына Байжанова С.Қызы қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі, Амангельдин Е.Мұлына Мажитов Е.Кұлы дене шынықтыру мұғалімі, Жакупова М.Мқызына Жапимова Н.Жқызы бастауыш сынып мұғалімі, Досанова Е.Ақызына Досанова Г.Ақызы бастауыш сынып мұғалімі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіржандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та- ұстаздық мамандық.
Жүрг:Бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық. Әр ұстаз өзінің есімін айтып, есімнің бірінші әрпінінен құрылған тілек- сөйлем айтады.
Мысалы: Мен Шазизатпын. Мен шәкіртіме шапағат, шыдамдылық, шаттық, шынайлық тілеймін.
Жүрг: Ал, енді үш топқа бөлінейік. Бір қорап «Ассорти» кәмпит таратамын. Ұшбұрышты кәмпиттер бір топ , дөңгелек кәмпиттер екінші топ, төртбұрышты кәмпиттер үшінші топ құрайды.
Жүрг:Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсін жиып.
Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Жас жүрекке білім ағаш ектіңіз,
Шәкірттерге білім нәрін септіңіз.
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Жүрг:Үш топқа мынадай сауал берем «Тәлімгер ұстаз қандай болу керек? Жас маман қандай болу керек?». Топ мүшелері сұрақты ортаға салып 1 минут ішінде талдайды. Соңында постерге суреттеп жауаптарын ортаға салады және өз жауаптарын қорғайды.
Жүрг:Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Жүрг: Үш топқа мынадай сауал берем «Мектепте жұмыс барысында қандай қиындықтармен кездесесіз?». Топ мүшелері сұрақты ортаға салып 1 минут ішінде талдайды. Соңында постерге суреттеп жауаптарын ортаға салады және өз жауаптарын қорғайды.
Жүрг:Хан бол, мейілің қара бол,
Дарын бол, мейілің дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар- бейне сара жол.
Жүрг: Үш топқа мынадай сауал берем «ХХІ ғасырдың, жаңартылған білім беру мазмұны заманының нағыз ұстазы қандай болмақ керек?». Топ мүшелері сұрақты ортаға салып 1 минут ішінде талдайды. Соңында постерге суреттеп жауаптарын ортаға салады және өз жауаптарын қорғайды.
Жүрг:Бәріміз қосылып «Ұстаздарға» әнін қосылып айтайық.
Ән «Устаздарға»
Құттықтаймыз сіздерді ерекше
Ұстаз деген ұлы сөз әрдайым биік
Жасай берсін ұстаздар күні.
Қ-сы: Ұстаз деген дара шынымсың
Ұстаз деген бар асылымсың
Ұстаздарға бас иеміз біз
Құтты болсын мереке бүгін.
2)Еңбек етіп ерінбей әркез келеді
Бала үшін жанын береді
Білім менен біздерді сусындатып
Тәрбие мен тәлім береді.
Қ-сы: Ұстаз деген дара шынымсың
Ұстаз деген бар асылымсың
Ұстаздарға бас иеміз біз
Құтты болсын мереке бүгін.
3)Абай атам айтқандай бір дана сөз бар
Ұстаздық жалықпас баладан
Мәңгілік ел әрқашан жасай берсін
Көк туымыз биікте самғап.
Қ-сы: Ұстаз деген дара шынымсың
Ұстаз деген бар асылымсың
Ұстаздарға бас иеміз біз
Құтты болсын мереке бүгін.
Жүрг:Ендігі кезеңімізде «Педагогикалық идеялар аукционы». Әр топ өзінің ең керемет педагогикалық идеясын сатуға ортаға салады. Қай топ көп қаражат ұсынады сол топ ұсынған педагогикалық идеяны сатып алады.
Жүрг: Әрине, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Жүрг: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рахат, шын бақытын тапса адам.
Жүрг: Осымен біздің дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңыз үшін шын жүректен көп-көп рахмет. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, шәкірттеріңіз көп болсын. Хош сау болыңыздар.