«Ойлан да іздеп, байқап көр» бастауыш сынып пәндік апталығы
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей біздің Терсақан мектебі де өз оқушыларын білім нәрімен сусындатуда жаңартылған білім беру мазмұнына сай қашанда баланы жан-жақты тәрбиелеп, оларға білім беру үшін аянбай еңбек етеді. Міне, осындай белсенділікті арттыру үшін Терсақан негізгі мектебінде бастауыш сыныптар арасында пәндік апталық өтті. Апталықтың ашылу салтанатын әдістеме бірлестік жетекшісі Жапимова Нұрүл Жұмағалиқызы өткізді. «Ойлан да іздеп, байқап көр» тақырыбымен бастауыш сынып пәндік апталығы 6-11 қараша аралығында өткізілді. Апталықтың іс шаралары төмендегідей жүйеде өткізілді. Исахметова Алмагүл Ануарбекқызы 7- қарашада 3 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Тұрлаусыз мүшелер» атты ашық сабақ берді. Сабақтың мақсаты- оқушыларды сауаттылыққа, бұрын игерген білімдерін болашақта қолдана білуге үйрету болды. Сабаққа 7 оқушы қатысты. Сабақтың таныстырылымы интербелсенді тақтадан көрсетіліп отырды. Сабақ барысында Алмагүл Ануарбекқызы түрлі үлестірмелі парақшаларды, суреттерді қолдану арқылы оқушыларды қызықтыра отырып, өз деңейінде бағдарламаға сай сабақ үлгісін көрсетті. 8-қарашада 2 «а» сыныбында Досанова Гүлмира Алтынбекқызы математика сабағынан «Қосу, азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқандықтан, мұғалім мейлінше көбірек педагогикалық ойындарды қолданды. Әр оқушы сабақ барысында әр тапсырмаға белсене араласты, өздерін бағалап отырды. Сонымен қатар Гүлмира Алтынбекқызы жұптық, топтық, жеке тапсырмаларды да беріп, оқушылардың білімін одан әрі шыңдай түсті. Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар жаңа сабақты толықтай түсінді. Ал қарашаның 9-жұлдызында 4 «а» сыныбында Жапимова Нұргүл Жұмағалиқызы қазақ тілінен «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері» атты сабағын өткізді. Мұғалім сабақта түрлі үлестірмелі парақшалар, сергіту сәттері мен түрлі әдістерді қолдана сабақты қызықты әрі, оқушыларға түсінікті етіп өткізді. Оқушылар әсіресе сәйкестендіру кестесімен жұмыс жасауда асқан белсенділік танытты. Сонымен қатар сыныптан тыс сабақтар да жоспар бойынша өткізілді. Атап өсек, 2-4 сынып аралығында Алмагүл Ануарбекқызы «Қызықты математика», Гүлмира Алтынбекқызы 2-сыныпта «Сынып үздігі», Нұргүл Жұмағалиқызы 2-4 сынып аралағында «Ойна, ойлан» атты сыныптан тыс сабақтарын өткізді. Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, өз білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретумен қатар, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, жаңартылған білім мазмұнына сай жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады. Әрқашанда шәкірт үшін нар тұлғалы ұстаздарымыздың еңбегі бағаланып, жоғары мәртебеге ие бола берсін дегім келеді.
Терсақан негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Исахметова Алмагүл Ануарбекқызы