​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Егемен ел мен Елбасы»

02.01.2018

«Егемен ел мен Елбасы»

(өлең)

Бір ұлт бар –

Өзі – дара,

Өзге ұлт оған тең келмейді,

Тек өзі ғана

Жарқырап тұратын

Таудың биік шыңында.

 Ол – ҚАЗАҚ.

Өрлігімен, кеңдігімен,

Тұла бойды

Дархандығымен еліткен.

Тұлғасы бар

Көш алдында тұратын,

Елі менен Тұлғасы да –

ЕГЕМЕН!

Мақтан десе,

Мақтануға тұрарлық.

Елбасым Тұлғамыздай

Кім боларлық?!

Елін, жерін сүйе білген жүрегі,

Бұл да бір ғажайып даралық.

Келтіріп

Домбыраның құлақ күйін,

Мақтан етіп,

Дала жатыр шертіп күйін.

Дауысы естіледі әнін салған,

Бозторғай құс та ұшады –

Емін-еркін!

Жаны балқып

Жалпақ ел мақтан етті –

«Елбасымыз, міне, бүгін ерлетті!

Елдігін елінің берік ұстап,

Дархан дала төсіне кеп

Төрлетті».

Жыр-дастанға еңбегің таңба болды,

Оқырманың бас иер дархан болды.

Қан төгілген,

Тер төгілген белдерге

Елбасымыз гүлін егіп,

Бағбан болды.

Арала, Қазағым,

Жаңғырған қонысыңды,

Көк егін, асу-асу белдеріңді,

Жасыл алқап, көркем шаһар –

Бәрін-бәрін,

Көркейткен мақтан етем –

Елбасымды!

Талпынады

Ойым менің шартарапқа,

Мақсатым жетелейді

Азаттықтың бағына.

Мұндай бақыт

Еш елден табылмайды,

Уа, Халқым,

Шүкірлік ет,

Сый ғып берген бағыңа!

 

 

Просмотров: 337

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст