Жаратылыстану математикалық әдістеме бірлестігігін
2017-2018 жарты жылдық есебі
Жаратылыстану математикалық әдістеме бірлестігінің пәндерін оқытуда негізгі білім жүйесін басшылыққа ала отырып, тиімді сабақ өткізілуін жүзеге асыруда. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы үздіксіз білім, жүйесі адамның білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік береді, адамның жеке тұлғасына зор әсер етеді.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.
Бүгінгі күнде бірлестік ұжымында сегіз пән мұғалімі жоспарлы жұмыс бағыты бойынша жұмыс істейді.
Жоғарғы санатты мұғалім жоқ. І санатты-2, ІІ санатты-5,сатты жоқ - 1
Пән мұғалімдерінің бүгінгі күн талабына сай инновациялық технологияларды меңгере отырып, оқушыларды жан-жақты білім беру және негізінде алға қойған мақсаттары төмендегідей бағытта жүргізіліп отыр:
1.Оқушылардың ғылыми шығармашылығын арттыру
2.Қазақстандық патриоттық сезімін арттыру, өз бетінше іздену
және ақпарат білу.
3. Шығармашылыққа баулу жұмыстарын жүргізу
4.Жаңа технологияны сатылап, деңгейлеп оқытуды оқу тәрбиесіне еңгізу
5.Сабақтарға қойылған талаптарды іс-жүзіне асыру;
Сабақтарың жаңа форматта және ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, оқушы білімін тексерудің СОР және СОЧ-тардың қорытындысы және мониторингін жасалды, барлық түрлерінде оқушыларға жекелей және дифференциалды тапсырмалар беру және де оқушыларды пән олимпиадаларға, интелектуалдық марафондарға дайындау мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар пән мұғалімдерінің білім деңгейі, авторлық бағдарлама құрастырулары өсіп келе жатқанын байқауға болады. Атап айтар болсақ, ізденісті жұмыстардың нәтижесінде жаңа технологияларды меңгеріп, іске асыруда: «Киелі жеті саны», «Қызықты математика», «Табиғаттың таңғажайып құбылыстары» ғылыми жұмыстарын қалыптастырып, ұйымдастыруда.
Сонымен қатар өз бетінше іздену,білідерін нығайту және білімдерін сынау бұл да бір заманның талабы.
Мектеп оқушылары биологиядан аудандық олимпиядаға қатысты. Мектеп ішінде Республиукалық Ақбота марафонына Баылбекова, Қабдыршева, Ертуғанова, Нутбаева, Кошербековақатысты . Математика, информатика мұғалімдері ашық сабақтарын өткізіп, түрлі технологияларды меңгеріп, әдістерін қолдана білді. Мұғалімдер сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру ен басты мақсат.
Әдістеме бірлестігінің меңгерушісі: Бетенова Г.С.