Терсақан негізгі мектебі 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысының тәрбие жұмысы бойынша жазбаша есебі.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Оқу жылының басында 2017 – 2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітіледі. Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл – Фараби: « Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас- жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат өтеді» - деген екен. Сондықтан негізгі мақсаттарының бірі ол – жас ұрпақ бойында еліне, туған жеріне деген патриотизм сезім, ұлттық игіліктермен мәдени мұрасын сабақтастығын сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген өзін – өзі іске асыруға; өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысында жауапты шешімдер қабылдай алатын, дені сау, рухани бай, мәдениетті тұлға қалыптастыру болып табылады.
1 бағыт: «Қазақстандық патриотизмді және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие»
Мектебімізде 1-қыркүйек білім күні мерекесінде салтанатты жиын өткізілді. Әрбір сыныпта Елбасымыздың Жолдауына байланысты сынып сағаттары, 1-9 сынып арасында «Мен елімнің патриотымын!» атты тәрбие сағаттарын сынып жетекшілері өз сыныптарында өткізді.Сынып сағатынан кейін «Болашаққа бағдар»атты видеофильмін көріп тамашалады. «Менің Қазақстаным-менің болашағым»тақырыбына сынып сағаттарын өткізді. «Астанаға саяхат»кездесу оқушылар арасында. Тәрбие ісінің меңгерушісі Досанова Г.А-қызы «Терісаққаннан шыққан танымал тұлғалар» атты бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Мектеп психологы Исахметова А.Ә-қызы 7-9 сынып оқушыларымен «Өзім таңдаған өмір»тақырыбында тренинг жүргізді.Трениктің мақсаты жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.Мектеп тәлімгері Амангельдин Е.М-ұлы «Құқықтық білім»тақырыбында бейнетаспа көрсетті.Мұндағы мақсат жасөспірімдер өздерінің құқығын білу мақсатында және заңдарды білу оны бұзбау туралы білімдерін қалыптастыру.
Тілдер мерекесіне орай «Тіл-ұлттық құндылық»атты дөңгелек үстел, «Міңгілік еліміздің мәңгілік тілі»шығармалар сайысы, «Ана тілін ардақтайық»кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Сонымен қатар «Баланың балғын тілі»мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Осы өткізілген сынып сағаттарынан оқушылар Отанын сүюге,патриот болуға,халқымыздың батырларын құрметтеуді үйренді. ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау барысында «Тарих-таным айнасы» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Рахимов Е.Т-ұлы «Жерлестеріміздің ерлік істері»атты ашық сабақ өткізілді. Қараша айында тәлімгердің ұйымдастыруымен «Елімнің рәміздері» патриоттық ойыны өткізілді.Желтоқсан айында Тұңғыш Президент күніне арналған 8-9 сыныптар аралғында «Менің Тұңғыш Президентім» атты дөңгелек үстел өткізілді.Бейне таспа көрсетілді. «Тұғырлы болсын, Тәуелсіздік!» салтанатты сап түзеу, 5-9 сыныптар аралығында сынып жетекшілері «Біз-Тәуелсіздік ұландары» атты сынып сағаттарын өткізді. «Елтаңбасыз ел болмайды» тақырыбында 8-9 сыныптар аралығында Уаисова Ш.Ш-қызы интеллектуалды ойын өткізді. «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым!» мерекелік концерт өтті. Мәнерлеп оқудан көзге түскен Базылбекова М, Көлбаева Н, Кадырова А, Сабитова Ж көрерменді өз өлеңдерімен тебірентті. «Мерейің арта берсін,Тәуелсіздік!»атты бастауыш сыныптарда сынып сағаты өткізілді.
2 бағыт: Рухани- адамгершілік тәрбие
Рухани адамгершілік , эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Бірінші оқу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын анықтайтын сауалнамалар жүргізілді. «Мен өмірді қалаймын!» атты психологиялық тренинг адамгершілікке, еңбекқорлыққа, имандылыққа, шыншылдыққа, т.б. қасиеттерге тәрбиелейді. «Төріңнен қарт кетпесін!» атты айлық ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада қарттарға концерт, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету жұмыстары, әр сыныпта тәрбие сағаттары, ардагер үлкен кісілермен кездесу, бастауыш сыныптар арасында плакаттар көрмесі ұйымдастырылды. «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты онкүндік ұйымдастырылып, ашық сабақтар, мәнерлеп оқу сайысы, мұғалімдер арасында дөңгелек үстел, фестиваль өтті. Ұстаздар күніне оқушылар мен мектеп тәлімгері Амангельдин Е.М.-ұлы ұстаздарды құттықтап, шағын концерт ұйымдастырды. Ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Өзін-өзі тану мұғалімдері «Өзіңді де өзгені де аяла!»атты дөңгелек үстел өткізді. Мектеп тәлімгерімен оқушылар жалғыз басты қариялардың үйіне барып көмек қолын созуда. «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру » бағдарламасы бойынша «Жерімнен шыққан танымал тұлғалар» туралы әңгіме сабақ өткізілді.«Тәуелсіздік-тірегім!»бастауыш сыныптар арасында жерлесіміз Жолдыбаев Сейілбек ағамызбен кездесу өткізілді.Аудандық шыршаға екі оқушы қатысып Талғатбеков Бекзат пен Көлбаева Нұргүл«Обояние»номинациясына ие болды.«Ертегілер елінде» шағын орталық және даярлық тобында мерекелік ертеңгілік өткізілді. 1-4 сыныптар аралығында «Жаңа 2018 жылға саяхат», 5-9 сыныптар аралығында «Төрлет құтты Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізілді.
3 бағыт:Ұлттық тәрбие
«Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі»тілдер мерекесіне орай өзге ұлт өкілдерінің арасында патриоттық әндер фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.Бастауыш сыныптар арасында «Туған жер ғажаптары»атты өлкетану мақсатында топтық саяхаттар өткізілді. «Бір шаңырақ астында»атты сынып сағаттары өткізілді. «Рухани жаңғыру»мақаласы аясында Рахимов Е.Т-ұлы «Туған жер тарихы» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында тәрбие сағатын өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Молдыбаева А.А-қызы «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен әдеби монтаж өткізді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Досанова Г.А-қызы «Терісаққаннан шыққан танымал тұлғалар» атты бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. «Ел жүрегі -Астана»кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге»нақыл сөздердің құндылығымен тәрбиелеуге жетелейміз. Осы мақсатта«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»тақырыбында бастауыш сыныптар арасында әңгіме өткізілді.8-9 сыныптар арасында «Қазағым- дарасың,дархансың !»атты пікіралмасу сабағы өтті. Аудандық«Менің президентім»шығармалар сайысына Қыдырбек Аружан қатысып І-орын иеленді.5-7 сыныптар арасында «Желтоқсан құрбаны мәңгі есімізде...»еске алу тәрбие сағаты өтті.Мектепте балалар ассамблеясы жұмыс жүргізеді.Қараша айында Бор Ирина және Вервейндер отбасыларын шақырып ашық хаттар сыйлап әңгіме өткізді.Мектепте өзге ұлттардың ұлттық тамақтарын дәріптеу мақатында тағамдар сайысы болды.Өнерлері де көрсетілді.Үш тілде тақпақтар сайысы өткізілді.
4 бағыт: Отбасы тәрбиесі.
Ата- аналар жиналысына жоспар құрылып, комитет төрайымын тағайындау шешімі қарастырылды. Отбасының бала өміріндегі маңызы «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 1 сыныпқа мектеп психологы жиналыс ұйымдастырды.Мектеп медбикесі ата-аналар арасында «Репродуктивті денсаулық»тақырыбында дәріс оқыды.Әр сынып жетекшілері «Міндеттер мен құқықтар»тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мектебімізде « Аяулы күз, алтын күз!» атты іс-шара өткізілді. Күз мезгілінде барлық жеміс-жидектер піседі, осыған орай бұл мерекеде жәрмеңке де ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары ата-аналар және сынып жетекшілері белсене араласты. Қараша айында суреттер көрмесі ұйымдастырылды, «Менің отбасым»тақырыбына оқушылар сурет салып,ең үздігі таңдалып мақтау қағазымен марапатталды.«Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Ата-аналардың менктепішілік жиналысында «Жанұя-отбасының ошағы» атты әңгіме жүргізілді.
5 бағыт: «Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие»
Әр сынып жоспар бойынша «Табиғат-адам өмірінің маңызы»тақырып аясында сынып сағаттарын өткізді.8-9 сынып оқушылар арасында «Кәсібім-нәсібім»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мектепте шебер қолдар үйірмесі жұмыс жасайды.Өздерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастырды,ең үздігі ауданға жіберіліп І-орын иеленді.Мектебімізде « Аяулы күз, алтын күз!» атты іс-шара өткізілді. Күз мезгілінде барлық жеміс-жидектер піседі, осыған орай бұл мерекеде жәрмеңке де ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары ата-аналар және сынып жетекшілері белсене араласты.
Мектебімізде сынып жетекшілердің және жалпы мектепішілік жоспарлары құрастырылып бекітілді. Терсақан негізгі мектебінде оқушылардың күзгі демалыс уақытын ұйымдастыру жоспары құрастырылып,сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қараша айында мектеп айналасын тазалау жұмысы жүргізілді. 9 сынып жетекшісі «Табиғат менің байлығым»атты ой толғаныс сабағын өткізді. 5-8 сыныптар арасында Досанова Е.А-қызы«Жер анамызды қорғайық»атты пікірталас сабағын өткізді.1-4 сыныптар арасында «Еңбек неден басталады?»тақырыбында ойын сабақ өткізілді.Мектеп тәлімгері «Жер-Ананы аялайық!»тақырыбына көркем сурет сайысын өткізді.
6 бағыт: « Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие»
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты онкүндік ұйымдастырылып, ашық сабақтар өткізілді.Онда мәнерлеп оқу сайысы үш тілде тақпақтар айту сайысы болып өтті.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Өзге ұлттардың мәдениетін,өнерін дәріптеу мақсатында сыныптар арасында фестиваль өтті. «Бірлігіміз жарасқан!» тақырыбымен ұлтаралық татулық, толеранттылық сезімдерін қалыптастыру мақсатында түрлі ұлт өкілдерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Қазақ тілі мамандары оқушылар арасында өз шығармашылығы бойынша кеш өткізді. «Аталар мұрасы-халық қазынасы»танымдық суреттер сайысы өтті.Әр сынып жетекшілері «Күз мереке молшылық»дәстүрлі сабақтарын өткізді. Мектеп психологі«Сенімділік»тақырыбына тренинг өткізілді. Қазақ тілі мамандары оқушылар арасында «Менің елімнің тарихы» атты шығармалар сайысын өткізді. «Мәңгілік әсемдіктер»жаңа жылдық шырша ойыншығы бойынша шебер қолдар сайысы өтті. «ЕХРО көрмесі» видеофильм көрсетілді.Көрмеге барған оқушылармен әңгіме өткізілді..Мектеп кітапханашысы «Көркем әдебиетпен дос бол !»кітаптар көрмесін өткізді. Мектеп психологі«Сенімді дос»тақырыбына тренинг өткізді.
7 бағыт: «Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі»
Тіл мамандары«Үш тұғырлы тілдің әлемі» атты зияткерлік ойын өткізілді. Оқу ісінің орынбасары мұғалімдер арасында«Тіл-ұлттық құндылық»атты дөңгелек үстел өткізді. «Менің сүйікті ұстазым»тақырыбына шығармалар сайысы өткізіліп,үздіктері марапатталды.8-9 сыныптар арасында «Жас физик»викториналық ойындар өткізілді.Өлкетану мақсатында тарих пәні мұғалімі туған жерге саяхатқа шықты. «Шынықсаң шымыр боласың» денсаулық фестивалінде спорттық би, флешмоб биледі. Ұстаздар күні, қарттар күніне концерттік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.Обылыстық «Мектеп одиссеясына»3оқушы қатысып 1 қызыл куәлік иегері атанды.
«Жастар салауатты өмірді қолдайды!» акциясын өткіздік. Бастауыш сынып мұғалімі Исахметова А бастауыш сыныптар арасында«Қызықты математика» атты зияткерлік ойын өткізілді.Өлкетану мақсатында тарих пәні мұғалімі «Терсақан өзенім»атты танымдық саяхатқа шықты.Мұражай қызметкері Абакарова О.Л «Тарихи бабалар мұрасы» атты зияткерлік ойын өткізді. Қазақ тілі маманы Досанова Е.А-қызы «Тәуелсіздік таңы жұлдыздары»тақырыбына зияткерлік ойын сабағын өткізді.Молдыбаева Ә.А-қызы «Жүйріктер» танымдық сабақ өткізді.
8 бағыт: Салауатты өмір салтын сақтау
9 қыркүйекте «Шынықсаң шымыр боларсың» атты денсаулық фестиваліне байланысты іс-шаралар өткізілді. Мұнда да салтанатты жиын, одан соң спорттың әр түріне байланысты жарыстар өткізілді. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары, ауыл әкімдігі, ауылдық ФАП және мектеп ұстаздары белсене қатысты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Мектепте ұлттық ойындар және қазақша күрес,үстел ойындары үйірмелері жұмыс жасайды.Аудандық ұлттық ойындар асық ату жарыстарына қатысып І-ІІ жүлделі орындар алып,облысқа барып ІІІ-орын иеленіп медаль алып келді.Тоғызқұмалақ ойындарынан да жүлделі ІІІ-орын иеленді.Аудандық үстел ойындарына қатысып командалық І-орын және жекелік І-орынға ие болып облысқа Талғатбеков Бекзат жолдама алды.Мектепшілік футбол жарыстары үнемі өткізіліп отырады.
Терсақан негізгі мектебінде графикке сай мектеп медбикесі Капаева М.М және ауылдық ФАП медбикесі Сыздыкова Ж.Б-қызы қосылып бірнеше іс-шара өткізілді, «Қыз бен ұлдың қарым қатынасы» «Мұны білуіміз керек» атты әңгіме жүргізілді. Қазіргі кезде балалардың жоғалуы,ұрлануы көбейуіне байланысты тәрбие ісінің орынбасары Досанова Г.А-қызы 1-9 сынып оқушыларының арасында жиын өткізіліп дәріс оқылды. Қараша айында Диабетке қарсы күн, «Ішімдікке жол жоқ!» атты насихаттау жұмыстары жүргізілді. Халықаралық ЖҚТҚБ індетіне қарсы күрес күніне арналған шаралар, отбасының қатысуымен өткізілетін «Толағай» спорттық сайысы өткізілді. Дұрыс тамақтану мақсатында ата-аналардың қатысуымен бейне таспа көрсетілді.Мұнда қандай тамақты қолдану керектігі түсіндірілді.
Т.І.О. Досанова Г.А.