​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сын Пікір

17.01.2018

Жапимова Нургуль Жумагалиевна Терсақан негізгі  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Ол еңбек еткен 24 жылда талай жетістіктерге жетіп  мектепшілік шараларға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.

Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін 4 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Нургуль Жумагалиевнаның еңбегі ерекше.

2017-2018 оқу жылында әдебиеттік оқу пәнінен «Ақша қар» тақырыбында ашық сабағы, «Ойнайық та, ойлайық!» атты интеллектуалды ойын мен «Ардақты ұстазым» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.

Сонымен қатар Нургуль Жумагалиевна  бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.

Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.

Нургуль Жумагалиевна  заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Просмотров: 458

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст