​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілдер - халықтың жаны"

23.09.2019

2019-2020 оқу жылы

Терсақан негізгі мектебінде

 Қазақстан Республикасының Тілдер  мерекесіне орай

өткізілген апталық есебі.

5 қыркүйек күні Терсақан негізгі мектебінде Тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатын қазақ тілі мұғалімі Досанова Е.А, атты Тілдер апталығының салтанатты ашылуы жарияланып, әр қазақстандықтың жүрегін тебірентіп, бойымызды мақтаныш сезімге бөлентетін ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Мерекелік салтанатты жиынға пән мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысып, оқу ісінің орынбасары Уаисова Ш.Ш-қызы  баршамызды Тілдер мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақырыпқа сай өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшілігі, қасиеттілігіне тоқталып өтті. Мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері ана тілі туралы өлеңдерін айтып берді.

Онкүндік бойы мектеп кітапханашысы Каймульдина Г.Г-қызы «Тіл – халық байлығы» тақырыбында қабырға газеті мен кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Пән мұғалімдері жоспарға сай ашық сабақтар өткізді.

11 қыркүйек күні «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбымен шығармалар сайысы өтті. Нәтижесінде   І орын- Каримжанова Бекзат, ІІ орын Көлбаева Мейрамгүлге,  ІІІ орынға Сәбит Жұлдыз ие болды.

13 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі Серикова С.Е-қызы «Біржан сал – өңір мақтанышы» атты танымдық-ақпараттық сағат өткізді. Оқушылар ақындық шеберліктерін көрсетіп, айтыс түрлеріне байланысты айтысты. Айтыс өте тартысты, қызық өтті. Нәтижесінде екі топ бірдей ұпайға иеленіп, көңілді тарқасты.

 

16 қыркүйек күні орыс тілі мұғалімі Абакарова О.Л.-мен ағылшын пәні мұғалімі Уаисова Ш.Ш-қызының  ұйымдастыруымен «Абай- Великая личность казахской степи – немеркнущая звезда» танымдық кеші өтті. Кеш қонағы ретінде Ұлы Абай кейіпкеріндегі оқушы шақырылып, өзінің қара сөздер, нақыл сөздерін айтып берді. Оқушылар Абайдың өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Абай есіміне класстер жасалды.

18 қыркүйек қазақ тілі мұғалімі Досанова Е.А.-қызы  6-9 сынып оқушыларымен  «Үш бәйтерек – үш діңгек» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты оқушыларға қазақ әдебиетінің үш алыбы Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялату. Сайыс өте қызықты, белсенді түрде өтті, нәтижесінде «Бейімбет Майлин»  тобы жеңіске жетіп марапатталды.

19 қыркүйек күні «Ертегілер елінде» атты көріністі бастауыш сынып мұғалімдері дайындап, бүлдіршіндердің актерлік шеберлігін дамытты. Көрініс өте қызықты өтті.

20 қыркүйек күні Абай Құнанбаев, Фариза Оңғарсынова өлеңдерін жатқа айтудан  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы өтті.  Сайыс барысында әр оқушы өзі таңдап алған өлеңдерін ерекше саз, мәнер, нақышпен оқыды. Сайыскерлердің жақсы дайындықтары көрініп- ақ тұрды, өздерінің қара сөздің шебері  екендігін дәлелдеп,  ақын  өлеңдерін ерекше  сезіммен  жеткізді.  Аталған шарттар негізінде сайыс қорытындысы бойынша  1-4 сынып пен 5-9  сыныптар бойынша оқушылар орын алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.  Сайыстың мақсаты патриотизмге тәрибелеу, мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық арттыру. Жабылу салтанатында оқуышалар түрлі ұлт өкілдерінің  биін билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.

 

                  ГӘБ жетекшісі:    Досанова Е.А.

     

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст