Физика сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
«Кітапты сүйіңіз, ол сіздің өміріңізді жеңілдетеді,
жолдас ретінде көп көмек береді,ол сендерді
адамды және өздеріңізді құрметтеуге үйретеді...»
Максим Горький
Білім берудің ең маңызды мәселесі – оқушының шығармашылық қабілеті, кітап оқи отыра мағынасын ұғыну. Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт,абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет». Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Ұстаздың алдында қолын созған,өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, кесте толтыру, бақылау жұмыстарын әр тақырып бойынша өткізу, тест дайындығын үйрету. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға , қоршаған орта жағдайында өзін-өзі бағып алуына , өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табылуы мүмкін емес. Мен Кембридж тәсілін 1,5 жылдай физика пәні сабақтарында қолданып келемін. Бұл жерде сабақтың ерекшелігі- оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушы және оның құбылары өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі- сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, сайыс сабақтары, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары, топсеруен сабақтары т.б. Физика пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс-жүзінде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады. Физика пәнінен табиғат құбылыстары туралы факультатив курсын жүргізіп отырамын. Оқушы өз ойын үй тапсырмаларында және сабақ үстінде еркін жеткізуі тиіс. Оқушылар өз ойларын эссе, пікір ретінде жеткізеді. Кері байланыс кезінде өзіндік бақылау парағы арқылы және түрлі түсті қағазда өз ойларын жазып береді. Сабақтың жағымды және жағымсыз жағдайлары талқыланып отырады.
«Шығармашылық жұмыс» - физика пәнінің ең маңызды бөлігі дегенім дұрыс болар, оқушылар үнемі шығармашылық жұмыста болады, мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, макет жасау, өлең(тақпақ) жазу, бағалауда тілек құрап айту, кітапшалар жасау және слайд құра білуі, оқушылардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.
Сабақтардан мысал келтіріп кетейін: мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиелігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 класта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
2 - деңгей – Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны.
3 - деңгей – Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, сеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
4 - деңгей – Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.
Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін. Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» - деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.
«Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей// НИШ. Кембридж университеті. Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2012. 12 – 15 беттер,
2.ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім - Образование - 2006, №2, 15 - 18 б.
3. Жексенгалиева Г. Ж. Физика сабақтарында АКТ - ны қолданудың тиімділігі//Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал. Математика және физика. №2,№5 2013-2014 жж.
4 Мұсатаева Б. И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін модернизациялауда ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі. Интернет ресурстары.
5. Г. В.Разумова .Развитие творческих способностей учащихся на уроках физики и математики. Издательство «Педагогика» , 2003г.