​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨПТІЛДІЛІК - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

13.02.2019

КӨПТІЛДІЛІК - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты Халқына Жолдауында: Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға оңай кіру тілі, - деген болатын. Қазір күллі әлемге ортақ тіл-ағылшын тілінде ақпарат алмасады. Ақпараттар ағымы қарқынды дамыған сәтте көштен қалып қоймау керек. Үш тілде білім беру жүйесі қандай мүмкіндіктердің есігін ашады? Бұл бағытта іздене отырып, мынадай түйінге келдім:

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Елбасымыз Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» - деп [3], Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру - заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі - мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою - бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу - жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асыры- луы тиіс. Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Олай болса жеткіншектің одан ары оқуына базалық білімінің негізі болатын киелі орын екені сөзсіз. Оқушыға ұстаз өмірлік тәжірибесімен қоғам талабына сай білім беруге тырысады. Ал оқушы мемлекеттің міндеттерін түсініп өз бетінше білім алуға ұмтылады. Өзіндік пікірі жоқ оқушы өзінің өмірлік ұстанымын қорғай алмайды және ойлау қабілеті төмен болғандықтан жаңа идеяларды туғыза да алмайды.  «Адамның өміріне шек бар, білімге ондай шек жоқ» дейді қытайдың даналық мақалы. Бүгінгі білім беру жүйесі қоғам дамуының өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзі-алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таниды. Сондықтан басқа тілдерді оқып-үйренудің еліміздегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қосар үлесі мол.

Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда, тіл жанашыры ретінде,  «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземін. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп айтқан болатын. Сондықтан да ең алдымен, мемлекеттік тілді қолдану – шарт.

         Қорытындылай келгенде, жас ұрпақ өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңін көркейте түсері сөзсіз. Олай болса, бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст