Текст
2022 жылғы 3 ақпанда Ақмола облысының мектеп оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" облыстық дебат турнирі өткізілді.Турнирге Ақмола облысының 15 ауданынан,3 қаласынан барлығы 44 команда,олардың құрамында 88 бала қатысты.Турнир американдық парламенттік формат бойынша өткізіліп,іріктеу кезеңінен,жартылай финалдан және финалдан тұрды.Турнирдің қорытындысы бойынша біздің мектебіміздің 9 сынып оқушылары Каримжанова Бекзат және Сәбит Жұлдыз Жақсы ауданының атынан қатысып 6-шы орынға ие болды және "Үйлесімді фракция" номинациясымен марапатталды.
Жетекшісі:Тәрбие ісінің орынбасары Амангельдин.Е М