Текст
"Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де мектеп кітапханашысы Бор И.Н. кітапханада "Оқыған кітабын ұсыну" буккроссинг жобасын ұйымдастырды. Жобаның негізгі мақсаты: кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту, кітап оқудың адамға ерекше әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, санамызды рухани жаңғырту, кітапқа деген қызығушылықты, оны оқуға деген ынтаны дамыту.