​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 тоқсан тәрбие есебі 2018-2019 оқу жылы

08.11.2018

Терсақан негізгі мектебі 2018-2019 оқу жылының І тоқсан

қорытындысының тәрбие жұмысы бойынша жазбаша есебі.

Мектепішілік тәрбие жұмысының 

әдістемелік тақырыбы:

Ұлттық рухы биік, адамгершілігі  жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын,

елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін

жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

 

  Оқу жылының басында 2018 – 2019 оқу жылына арналған

тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді. « Адамға ең бірінші – білім

емес, тәрбие берілуі керек. Сондықтан негізгі мақсаттарының бірі ол – жас ұрпақ

бойында еліне, туған жеріне деген патриотизм сезім, ұлттық игіліктермен мәдени

мұрасын сабақтастығын сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген өзін – өзі

іске асыруға; өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік  тұрғысында жауапты шешімдер қабылдай алатын,

дені сау, рухани бай, мәдениетті  тұлға

қалыптастыру болып  табылады.

1  бағыт:

«Қазақстандық патриотизмді және 

азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие»

Мектебімізде

1-қыркүйек білім күні мерекесінде салтанатты жиын өткізілді. Әрбір сыныпта

Елбасымыздың Жолдауына байланысты сынып сағаттары, 1-9 сынып арасында «Мен елімнің

патриотымын!» атты тәрбие сағаттарын сынып жетекшілері өз сыныптарында өткізді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Досанова Г.А-қызы «Өз

құқығыңды біл!» атты  бастауыш сынып

оқушыларымен әңгіме жүргізді. «Ана тілін ардақтайық»кітаптар көрмесі

ұйымдастырылды.Сонымен қатар «Баланың балғын тілі»мәнерлеп оқу сайысы

өткізілді.Осы

өткізілген сынып сағаттарынан оқушылар Отанын сүюге,патриот болуға,халқымыздың

батырларын құрметтеуді үйренді. ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау барысында

«Тарих-таным айнасы» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.Тәрбие ісінің орынбасары Досанова Г.А-қызы «Қызды қырық

үйден тыю»тақырыбына баяндама оқып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

 

2  бағыт: Рухани- адамгершілік тәрбие

Рухани адамгершілік , эстетикалық тәрбиеге көп көңіл

бөлінеді. Бірінші оқу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын

анықтайтын сауалнамалар жүргізілді. «Мектепке жол»жалпы республикалық акциясына

белсене қатысып көпбалалы отбастарына көмек көрсетілді. «Қарты бардың қазынасы

бар!» атты айлық ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада қарттарға концерт, жалғызбасты қарияларға

көмек көрсету жұмыстары, әр сыныпта тәрбие сағаттары, ардагер үлкен кісілермен

кездесу және шағын концерт  ұйымдастырылды. «Тілімде менің сыры терең

жаным бар...» атты онкүндік ұйымдастырылып, ашық сабақтар, мәнерлеп оқу сайысы,

мұғалімдер арасында дөңгелек үстел, фестиваль 

өтті. Ұстаздар күніне оқушылар мен мектеп тәлімгері Амангельдин Е.М.-ұлы

ұстаздарды құттықтап, шағын концерт ұйымдастырды. Ұстаздар мақтау қағаздарымен

марапатталды.

3  бағыт:Ұлттық тәрбие

 «Мәңгілік елімнің-мәңгілік

тілі»тілдер мерекесіне орай өзге ұлт өкілдерінің арасында патриоттық әндер

фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.Бастауыш сыныптар арасында «Туған жер

ғажаптары»атты өлкетану мақсатында топтық саяхаттар өткізілді. «Бір шаңырақ

астында»атты сынып сағаттары өткізілді.Терсақан негізгі мектебінде қыздар

күніне байланысты салтанатты ашылу рәсімі болып онкүндік өткізілді.Сынып

жетекшісі Досанова Еркеназ Амантайқызы қыздармен «Этика ережелері»тақырыбында

дөңгелек үстел өткізді.Мектеп кітапханашысы Каймулдина Гүлден Габдымаликқызы

«Қазақтың салт-дәстүрлері»тақырыбында көрме ұйымдастырды.Мектеп медбикесі

қыздарға «Қыздар арасындағы сыр»тақырыбында дәріс өткізді.

4  бағыт: Отбасы тәрбиесі.

   Ата- аналар

жиналысына жоспар құрылып, комитет төрайымын тағайындау шешімі қарастырылды.

Отбасының бала өміріндегі маңызы «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана:Өз балаңа

үлгі бол» тақырыбында 1-9 сынып аралығында конференция өткізілді.Мектеп

медбикесі ата-аналар арасында «Репродуктивті денсаулық»тақырыбында дәріс оқыды.Әр

сынып жетекшілері «Менің ата-тегім»тақырыбында сынып жетекшілері әңгіме

өткізді. Бетенова Г.С-қызы 7-8 сыныптар арасында «Ана тіршілік бастауы»

тақырыбында пікір алмасу өткізді.Мектебімізде «Алтын күз!» атты іс-шара

өткізілді. Күз мезгілінде барлық жеміс-жидектер піседі, осыған орай бұл

мерекеде жәрмеңке де ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары ата-аналар

және сынып жетекшілері белсене араласты.

5  бағыт:

«Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие»

Әр сынып жоспар бойынша «Туған жер-тұнған шежіре»тақырып

аясында сынып сағаттарын өткізді.9 сынып оқушылар арасында

«Кәсібім-нәсібім»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Терсақан негізгі

мектебінде оқушылардың күзгі демалыс уақытын ұйымдастыру жоспары

құрастырылып,сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мектеп тәлімгері «Жерімнің

байлығы!»тақырыбына саяхатұйымдастырды.

6  бағыт: « Көпмәдениетті және

көркем-эстетикалық тәрбие»

«Үштілділік заман талабы» атты онкүндік ұйымдастырылып,

ашық сабақтар,сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.Онда мәнерлеп оқу сайысы үш

тілде тақпақтар айту сайысы болып өтті.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен

марапатталды.Өзге ұлттардың мәдениетін,өнерін дәріптеу мақсатында сыныптар

арасында«Қазақстаным ортақ шаңырағым»  фестиваль 

өтті. «Айбары асқақ-Ата заң»кітап көрмесі өткізілді.«Қарым-қатынас

мәдениеті дегеніміз не?»тақырыбында 5-6 сыныптар арасында пікіралмасу өткізді.Әр

сынып жетекшілері «Күз мереке молшылық»дәстүрлі сабақтарын өткізді.

7 бағыт:

«Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі»

Тіл маманы Досанова Е.А-қызы«Тіл жүйрікте кім жүйрік»

атты зияткерлік сабақ өткізді. Оқу ісінің орынбасары мұғалімдер арасында«Тіл

аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз »атты дөңгелек үстел өткізді.Ағылшын мұғалімі

Уаисова Ш.Ш-қызы «Үйренейік ағылшынша»полиглот танымдық сабақ өткізді.Орыс тілі

маманы Абакарова О.Л«Знатоки руского языка»тақырыбына сыныптар арасындасайыс

өткізді.Сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдері «Жастар салауатты өмірді

қолдайды!»тақырыбындасайыс өткізді.

8 бағыт: Салауатты

өмір салтын сақтау

Тәлімгер Амангельдин Е.М-ұлы «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында

жолда жүру ережесіакциясын өткізді. «Берік Отбасы-Мәңгілік ел»тақырыбына

отбасылық ойындар өткізді.Мектепте ұлттық ойындар және қазақша күрес,үстел

ойындары үйірмелері жұмыс жасайды.Аудандық ұлттық ойындар асық ату жарыстарына

қатысып командалық ІІІ жүлделі орындар алып,облысқа барды. Мектепшілік футбол

жарыстары үнемі өткізіліп отырады.Терсақан негізгі мектебінде графикке сай

мектеп медбикесі Капаева М.М және ауылдық ФАП медбикесі Сыздыкова Ж.Б-қызы

қосылып бірнеше іс-шара өткізілді, «Қыз бен ұлдың қарым қатынасы» «Мұны

білуіміз керек» атты әңгіме жүргізілді.СПИД ауруы туралы және тұмау туралы

әңгіме өткізді. Қазіргі кезде балалардың жоғалуы,ұрлануы

көбейуіне байланысты тәрбие ісінің орынбасары Досанова Г.А-қызы 1-9 сынып

оқушыларының арасында жиын өткізіліп дәріс оқылды.

Т.І.О.           

Досанова Г.А.

 

 

 

Просмотров: 714

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст