оның
ата-анасын ардақ тұтып,
өзінің перзентті
к парызын
бір сәтке де
есінен шығармайтынында. Бұл біздің
мәдениеттілігіміз,
әдептілігіміз ғана емес,
ең алдымен адамгершілігіміздің белгісі. Ата-анасы келмес
сапарға аттанганнан кейін
олардың рухы алдындағы
міндетін ұмытпаған бала
ғана өзінің перзенттік
міндетіне адалдық көрсеткен
болып табылады.
Шынында да,
өз ата-анасын кұрметтемейтін, олардың
алдындағы перзенттік парызын
үлкен ықыласпен
орындамайтын, әдептілік, кішіпейілдік,
сергек сезімталдық көрсетпейтін,
бұл қасиеттер қанына
сіңіп жүрегіне ұяламаған
ұрпақтан не опа, не
қайыр, олардан отбасынан
тысқары тіршілікте не
береке күтуге болады?
Ата-анасыз өмір
жоқ, яғни адам
жоқ. Демек, біз-ата-ана өмірінің
жалғасымыз. Сол үшін ата-ана
жалынып-жалбарынып бір Аллаh
перзент тілеген, бала
сүйгенде жүрегі жарылардай
қуанған, содан кейін
«баламның табанына кірген
шөңге, менің маңдайыма
кірсін» деп әлпештеп
өсірген, сәби ауырып
не басқа бір
қатер төнгенде, «өзімді
алып, баламды аман
қалдыр!» деп Жаратушыға
жалбарынған, балалары үшін
өзін құрбан еткен.
Сайып келгенде,
ұл-қыз әдептілігінің негізі-ата-ананы риза
қылып, үнемі алғысын,
батасын алу.
Ата-анамыз бізге
бір іс тапсырса,
ол қаншалықты ауыр
тисе де, шамамыз
келгенше орындауға тырысу
керек. Егер шамамыз келсе,
сол тапсырған істі
шын көңілмен орындауға
тырысу қажет. Ал ата-ананың
тапсырған ісі сенің
қолыңнан келмейтін болса,
жылы сөзбен түсіндіріп
«әкетайым, анашым» деген
сияқты жақсы лебізіңді
білдір.
Олармен сөйлескен
кезінде дауысыңды көтермей
бәсең үнмен сөйлес.
Оларды себепсізден-себепсіз кінәлама
және оларға қарсы
шықпа. Оларға әрдайым
күлімсіреп, жақсы сөзбен
жауап бер және
оларды еш уақытта
есімдерімен атап немесе
лақап аты болса,
лақап есімімен шақырма.
Оларды өз жастарына
қарай әдемі сөздермен,
мысалы, қарт кісі
болса, «ата», орта
жаста болса «әке»
немесе «апа», «ана»
деген тәрізді сөздермен
ата.
Ата-анамыздың қасында жан
дүниемізбен әрі шын
шырегімізбен сүйіспеншілік қанатымызды
олардың аяқтарының астына
жайғандай құрмет көрсету-біздің парызымыз.Бала кезінде
олар бізді сүйіспеншілік
махаббатымен құшақтарына алып,
бауырына басты, бізді
ішкізді, жегізді, кірге
белшемізден батқанда тазалады,
сені қорғаштап қамқорлық
жасады, мұның бәрін олардан
басқа ешкім үйретпеді.
Енді ойлап қарасақ,
барлығы керісінше. Өйткені
сен үлкейдің, олар
қартайды. Біз жігерленіп
қуаттандық, олар, әлсіреді. Біздің біліміміз
артты. Әуелде біз
оларға мұқтаж едік,
енді олар бізге
мұқтаж. Енді біз
адамгершілікпен,
инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен оларға
қамқор болу керекпіз.
Менің әкем
Шойтин Ерлан Көлбайұлы
асқар тауым, тірегім,
баға жетпес асыл
қазынам. Еліне, Отанына адал
жан. Отбасымызда әкемнің орны бөлек.Әкем өз міндетін,шаңырағымның бар
ауыртпалығын көтеру,асырап- бағу,жақсы тәлім-тәрбие беру деп санайды.
Әкемнің
қамқорлығы дегенді мен-отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын
қасиетті ұғым деп түсінемін.Сондықтан әкені сыйлау,оған үлкен
құрметпен,ілтипатпен қарау әрбір баланың парызы деп білемін.Сол себепті әкеден
алған тәрбие де салиқалы болмақ.Әкеден артық дана жоқ,әкеден артық пана жоқ.Ол
тек бір отбасымыздың ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы,
ел ағасы. Мен өмірге
келгеннен бері әрбір
сәтті қадамым әкем
үшін үлкен мәртебе,
зор мақтаныш. Сондықтан да
әкем ақылымен жүру,
ешкімнің ала жібін
аттамай, адал ғұмыр
кешу мен үшін жақсы
болашаққа ғана әкеледі.
Әкені ренжітпеу, оның
айтқанын, көңілінен шығып
отыру мен үшін
маңызды екенін білемін.Менің
асыл анам әкемді
сыйлап, оған қарсы
сөйлемеуге, әдепсіздік көрсетпеуге,
құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп
қалар», «әкең жіберсе,
бара ғой», «әкеңе
барып сәлем бер», «әкеңнің
керегін дайында, көмектес»
деп әкеге құрмет,
қызмет етуге ес
білгеннен бері үйретіп
келеді.Сол себепті менің
отбасымда әрдайым тәртіп,
ынтымақ, пен бірлік бар.
Әкем мені намысшылдыққа, адал
еңбек етіп, өмір
сүруге баулып отырады.
Әкемнің мейірімі мен
талап қойғыштығы, еңбексүйгіштігі, шеберлігі
менің тәрбиеме берер
ықпалы көп. Әкем өз
білгенін маған байыппен,
шыдамдылықпен үйретіп отырады. Сол
үшін мен әкемді
әр уақытта зор
мақтаныш етемін, пір тұтамын. Адам
өзінің екке егінінің
жемісін көреді демекші,
мен өмірдің барлық
тауқыметін, ащысын да
тұщысын да көрген
әкеме алдағы уақытта
тек ғана жақсылығымды,
қуанышымды, жетістіктерімді көрсетуге
бар күш-жігерімді, зейінімді,
білімімді аямаймын деп
уәде беремін.
Қуансаң
қуана бер әкетайым,
мене сенің өміріңнің
жалғасымын... .
....Есейіп кетсемде,
мен саған сәбимін.
Көгілдір көктемдей көзіңнен
танимын. Ана... . Осы
үш ғана әріптен
құралған әлемдегі барлық
жылууқ пәк сезім,
барлық бақыт пен
махаббат, тіпті бүкіл
жаhан сыйып кеткегндей... . Анаға қаншама
ақындар жыр арнаған,
қаншама жазушылар шығарма
жазған, қаншама суретшілер
өздерінің шығармашылығын қасиетті
анаға арнаған. Ана-
мәңгілік тақырып. Дүниенің
барлық асылын алдарына
әкеп үйіп қойсаң
да, осы жандардың
ақ сүтін өтей
алмайсың.
Жер бетіндегі
аналардың тілеуі бір.
Ол- мейірімділік, адалдық,
бейбітшілік, адамгершілік, ұрпағының
аман-саулығы, отбасының амандығы.
Осындай аяулы, мейірімді,
ибалы аналардың бірі-
менің асыл анам Шойтина
Жанар Қайроллақызы. Дүние
есігін ашқаннан бері
асыл анамның аяулы
алақаны мен жылы
құшағының арқасында ешқандай
қиындықты сезінбей өсіп
келемін. Менен басқа
отбасымда тағы бір
ағам, екі інілерім
бар. Әкем мен
анам бізді қатарымыздан
қалмай, білім алып,
еліміздің елеулі азаматтарының
бірі болса екен
деп түнде де,
күнде де тілейді.
Біз үшін түн
ұйқысын төрт бөлген
анамның қасымызда екенінен
мен өте қуаныштымын.
Оның таңертең еркелетіп
оятқаны, кейде көңілсіз
болсам, келіп жып
жылы алақанымен маңдайымды
сипап, бетімнен сүйіп,
ауыра қалсам, қасымнан
кетпей қинала қарайтын жанары-
бәрі маған ерекше
күш беріп, сәуле
шашқан күн сияқты.
Аяулы Анам! Саған
деген жүрегімдегі ризашылық
сезімімді қаншама сөз
маржанын терсем де,
жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде
сенімен ғана бақытты
екенімді білемін. Анашым мен
үшін дүниенің бар
асылы-бір өзіңсің. Жанымда
болмасаң, өмірімнің сәні
де, мәні де
болмас. Сен-ақылшымсың, сен-
тірегімсің, сен-кәусар
бұлағымсың.
Терсақан негізгі
мектебінің
8 сынып оқушысы
Шойтина Айдана