​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныпта ақпаратпен жұмыс істеу

15.09.2018

        Досанова Гульмира Алтынбековна,

Бастауыш  сынып мұғалімі,

Терсақан негізгі мектебі.

 

Бастауыш сыныпта ақпаратпен жұмыс істеу

           Қазақстан Республикасының «Білім» туралы

Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың

жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық

ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Осыған орай

бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана

қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни

жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге

қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

           Бастауыш

сыныпта ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі

мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны

құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы

ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып

табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының  АКТ-ға қызығушылықтары

 өте басым болғандықтан визуальды қабылдаулары  өте жоғары еске

сақталады.

          «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте

қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында

ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың

маңызы зор деп білемін.

           Қазіргі

заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті

технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек.  Ол үшін ұстаз

компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.

          Жаратылыстану,дүниетану

пәндерінен бақылау жүргізгенде телефондарға түсіру тапсырылады. Бұл оқушының

бақылау арқылы зерттеу жұмыстарына белсенділігі артқанын байқатады. «Жануарлардың

алуан түрлілігі» тақырыбындағы сабағымда оқушылар топта ұжымдаса отырып,

бірнеше жануарлардың суреттерін фотоға түсіріп, жануарлардың айырмашылығы мен

ұқсастығын бақылап, нәтижелерін қорытындылап айта білді. Ауылдық жерде тұрғандықтан

оқушыларымыздың көбі үйінде үй  жануарын ұстайды.Сондықтан

бақылау-зерттеу жүргізген кезде оқушылар белсенді кірісіп,нәтиже шығара

білді.Оқушылардың түсіру, зерттеу кезіндегі өздері атқарған  жұмыстары

қызығушылықтарын туғызып, табиғатқа,үй жануарларына  деген

сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

 

          Бастауыш

сыныптарды оқытуда  ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері

өте мол. Мәселен, 3-4 сыныптарда әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушыларға әуелі

слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу

тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп,тапсырмаларды орындатуға болады.

Әрі қарай оқушы автордың өмірбаяны туралы мәліметтерді интернеттен іздеп,

тауып, жинақтап өз білімдерін толықтырады. Үй тапсырмасы ретінде

шығармашылыққа қабілетті балаларға, сол әңгіме немесе шығармаға байланысты

презентация жасап әкеліп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сыныпқа

көрсетуге тапсырмалар беріп отыруға болады. Міне, осындай ақпарат

құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да

қызығушылығын арттыруға болады.

          Ақпараттық

технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа

деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс

істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен

байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.

         АКТ ны қолдану 1-4сыныптарда аса

өзекті болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті

-көрнекілік-образды. Сондықтан, оларды оқытуда көптеген сапалы

иллюстрацияларды қолдануда АКТ-ның үлесі зор. Тақырып мазмұнын игеруде тек

көру емес, сонымен бірге есту, іс-әрекет орындау, эмоция мен қиял да

қосылады.

         Компьютерлік

технологиялар- біздің келешегіміз. Ол баланың интеллектуалдық дамуына, ойлау

процестерін арттыруға, ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіншіліктеріне зор ықпал

етеді. Бірақ, тек компьютерге жүгінуге , оны білім алудың жалғыз арнасына

айналдыруға болмайды. Айналадағы қоршаған ортаны тануда кітап оқу, бақылау

және ең маңыздысы жанды қарым-қатынас екенін ұмытпағанымыз жөн.

          АКТ

сабақтың негізгі элементі емес, қосымша- көмекші элементі түрінде болуы тиіс.

Төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ-

ны қолдану жұмысы нақты сабақтың қай бөлімінде, қалай қолданылатыны

ойластырылған және уақыт мөлшері ескерілген болуы тиіс.АКТ –ны қолдану арқылы

өткізілетін сабақтарда баланың денсаулығын сақтауға аса назар аудару қажет.

Сабақ жоспарына сергіту сәтін, динамикалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар,

денсаулық сақтау технологияларын міндетті түрде енгізу керек. Бастауыш

сыныпта ақпартты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігі әсіресе

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде сауат ашу пәнінде аудио

тыңдалым, математика, дүниетану мен жаңадан енген жаратылыстану пәндері үшін

қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен тест жұмыстарын  орындау

барысында  оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді.  Көркем еңбек

пәні сабақтарында оқушылардың жұмыс жасауына өте тиімді әртүрлі бейнедегі

суреттерді,графиктік сызбаларды бояй отырып та басып бере алады және уақытты

үнемдеуге мүмкіншілік береді.

            

АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды

жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Заман талабына сай ашық сабақтар беру

барысында  көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге

тиімді.Мұғалім мен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетеді,бала

ойланады,көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың сауатты жазуына

көмегін береді. Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен жазып түзете білуге

үйретеді.

Пән барысында АКТ-ны қолданудағы жалпы мақсатым: оқушыларды бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу; ақпараттық

мәдениеттердің алғы шарттарын қалыптастыру.

Түйінді идеялар: АКТ-ны

сабақта не үшін пайдалану қажет?

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және

пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты

оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер технологиялар жаңартылып

отырады. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің

біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу

үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және

тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің

мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып

табылады.

           

Қорыта келе, бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда

оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін

ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға

бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізеді және оның

күнделікті өмірге жақын екендігін түсінеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 1. Қазақстан

Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.      “Болашақтың

іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,

2011 жыл      

 3.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған  мемлекеттік бағдарламасы

4.    Мұхамбетжанова С.Т. Мелдебекова М.Т Педагогтардың

ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлықтарын

қалыптастыру әдістемесі: Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст