​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қара сөздің иесі Ұлы Абайын сүйетін, поэзия падишаҺы Мұқағалиін сүйетін, қазақ тілі мен әдебиетін сүйетін Ұстаз.

15.05.2018

Қара  сөздің   иесі  Ұлы  Абайын  сүйетін,

поэзия  падишаҺы  Мұқағалиін  сүйетін,

қазақ  тілі мен әдебиетін  сүйетін  Ұстаз.

   Терсақан  негізгі мектебінде   өзгенің  бақытын  аялау  үшін  өз  уақытын  аямайтын  ұстаздың  бірі  қазақ  тілі  мен  әдебиет  майталманы - Молдыбаева  Әсел  Арыстанқызы.  Қадірлі  де  жауапты  ұстаздық  мамандықты  таңдап,  6  жыл  бойы  оның  ауыр  жүгін  даналықпен,  еңбекқорлықпен  және  талапшылдықпен   көтере  келе жатқан  білікті  мұғалім- біздің  Әсел  Арыстанқызы.   Қазақ  тілі,  әдебиеттің   оқыту  әдістемесін  жоғары  деңгейде  меңгерген  ұстаз.  Мұғалім  6  жыл  ішінде  өзі  және  оқушылары   талай  жетістіктерге  жетіп,  аудандық ,  облыстық    шараларда  мектебіміздің, ауданның  абыройын  жоғары  ұстап  жүрген  ұстаз.  Мұғалімнің  негізгі  мақсаты-  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін,  өзіндік  таным  біліктілігін  дамыта  отырып,  алған  білімдерін  өмірде  қолдана  білуге  үйрету. Ұстаз  оқу  материалының  жүйелі  түрде  бөлінуіне,  әдеби  тілде  таза  сөйлеуге,  саналы  ойлауды  жетілдіруге  үлкен  көңіл  бөледі.  Сондықтан,  біздің  мектебіміздің  педагогикалық  ұжымы   бір  дауыспен  аудандық  «Үздік  педагог-2018»   байқауына  қатысуға  Әсел  Арыстанқызын  ұсынды.  Байқауға  ұсынған  сабағында  да  оқушымен  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру  мақсатында  ойлау,  оқу,  тыңдау  және  жазу,  яғни  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлерін   іске  асуына  ықпал  етті.  Сабақ  барысында  оқушылардың  алған  білімдерін  тиянақтауға  бірнеше  әдіс-тәсілдерді  шебер  қолданды.  Мұғалім  байқаудың  «Менің  педагогикалық  ұстанымым»   атты  бірінші  кезеңінде  оқыған  өз  шығармашылығы  қатысушылардың  есінде  көпке  дейін  сақталады  деген  ойдамын.  Үшінші  кезеңде  Әсел  Арыстанқызы  «Білім бұлағы»  атты  өзінің  іс-тәжірибесіне  орай  көрме  ұйымдастырды.   Мектебіміздің  ең  шығармашыл  ұстаздарының  бірі - Әсел  Арыстанқызы   байқауда  жүлделі  ІІ  орынның  иегері  болды.

Шығармашылдығына  дәлел  болған көрмеге  ұсынған  құжаттары: баспасөз  беттеріне  жарияланған  мақалалары,  өз  шығармашылығынан  шығарған  өлең-жырлары,  сахналық  қойылымдар  әзірлемелері,  сабақтары,  тақырыптық  кітапшалары,  өзінің  және  оқушыларының  мадақтамалары,  қашықтық  олимпиадаларының  жүлделі  орындары  үшін  сертификаттары,  мақтау  қағаздары.  

   Мұғалімнің  мектепте  берген  әр  сабағы  мектеп  оқушыларының  көңілінен  шықты.   Әсел  апайды  жақсы  көретін   шәкірттері  Нүтпаева  Ақжүнүс,  Ертуғанова  Арайлым,  Қыдырбек  Аружан  бірге  байқауға  барып,  сүйікті  апайына  шығармашылық  тобы болды.  Апайының  берген  біліміне  сенім  артып,  әр  сабағын  сүйіп    келешекте  олар  да  осындай   ұстаз  болуды  армандайды .

   Әсел  Арыстанқызына  әрдайым  «ақырын  жүріп,  анық  басып»   ұстаздық  өмірде биік  шыңда  болуға,  шәкірттерінің  абыройлы  жемістерін  көруді тілейміз!  

  Ақмола  облысы, Жақсы ауданы,Терсақан  негізгі  мектебі,

оқу  ісінің  орынбасары  Уаисова  Шазизат  Шаяхметқызы

Просмотров: 279

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст