​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған Терсақан негізгі мектебіндегі«Армысың әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы.

20.03.2018

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған Терсақан негізгі мектебіндегі«Армысың әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы.

   Табиғаттың жаңаруымен бірге келетін халқымыздың басты мерекесі, жасампаздық пен береке-бірліктің бастауы – Наурыз мейрамына дайындық Терсақан негізгі мектебінде бір апта бұрын басталды.

Барлық сыныптар мерекелік қабырға газеттерін шығарды. Мектеп актзалы мерекеге сай безендірілді.

  20 наурыз күні«Армысың әз-Наурыз!»атты мектепте мерекелік іс-шара өтті.Ұстаздар қауымының қатысуымен науырыз мерекесіне арналған қойылым көрсетілді.Қыдыр ата,Көктем аруының қатысуымен бата берілді.Оқушылардың қатысуымен «Ашамайға»мінгізу салт-дәстүрі көрсетіліп,соңы ұлттық ойындармен жалғасты. Мереке шығармашыл оқушылармен концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарына Наурыз көже таратылып, жақсы көңіл көтерді.             Мерекеге арналған құттықтау сөз Терсақан негізгі мектебінің директоры Касымова Р.О-қызына,ауыл әкімдігінің бас маманы Игибаева С.Қ-қызына және қонақтарға беріледі.

 

Т.І.О:Досанова Г.А

Просмотров: 259

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст