Текст
Қазір әлемде әрбір 59-шы бала аутизм дертіне шалдыққан. Бүгін «Мүгедек балалар мен аутизмі бар балалардың мәселелері және оларды шешу жолдарына» арналған жиында осы ақпарат жиі айтылды. Қазақстанда «Ерекше» балаларға ерте диагноз қойып, оны емдейтін маман аз. Сол себепті, көп ата-ана Ресей, Израиль секілді шет мемлекеттерге барып, дертіне дауа іздейді. Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, диагнозды ерте қойып, емдесе, баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады. Мамандар дерттің 300-ге жуық себебін атап отыр. «Бұл мәселе ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың күшімен шешілуі мүмкін емес, мемлекеттік қолдау қажет», - дейді қор мүшелері.