Құрметті Ақмола облысының оқушылары!!!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Бұл олимпиадаға ауылдық жерлерде соңғы екі жыл тұратын 5 және 6 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға бұрын қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.
«Мың бала» Олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған м…