​«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальная государственное учреждение  «Основная средняя школа села Терсакан   отдела образования  по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есебі

«Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі   2021 жылғы қызметі туралы есебі

 

1. Жалпы жағдай

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  2019 жылы «Терісаққан  ауылының негізгі  мектебі» КММ  мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер:

 «Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ «Біртерезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жаксы аудандық бөлімі (Мемлекеттік корпорация) жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін мемлекеттік корпорациясы «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзі немесе мемлекеттік корпорациясының  қызметкерінің көмегімен ала алады. 2021 жылы «Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де  8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.   Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 8, ақылы негізде - 0 қызмет түрі көрсетілді..

 

2. Қызмет алушылар мен жүргізілген жұмыс.

«Терісаққан ауылының негізгі мектебі» КММ  мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары  мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтар мен қамтамасыз етілген.   БАҚ-та мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әртүрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2021 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассыздығы,  қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына, қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу,  қызметті көрсету  бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.  

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. 

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2021 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.

        

5. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.


Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондықүкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өзжалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензирование» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанудеңгейін арттыруға бағытталады.

 

 Мектеп  директорының м.а.                                                     О.Сүлейменов

Жаңартылған күні: 03.03.2022 09:07
Құрылған күні: 03.03.2022 09:07

Текст