Алматы, NEGE. «2025 жылдың 3 каңтар
күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең
келемді сұхбаты жарық көреді. Президент
сұхбатта ішкі жане сыртқы саясаттаты басты оқиғаларга бағасын береді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» деген сөзі жастардың елдің дамуына қосатын нақты үлестерін айқындайды. Жастар – елдің болашағы, және олар патриоттық сезімді нақты істерімен дәлелдейді.
Бүгінде Қазақстан жастары инновациялар мен технологиялар саласында белсенді түрде жұмыс істеп, стартаптар құрып, кәсіпкерлікті дамытып келеді. Олар жергілікті және жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыру арқылы ел экономикасына үлес қосуда. Сонымен қатар білім беру және ғылым салаларында жаңа идеяларды жүзеге асырып, елдің экономикалық әлеуетін арттыруда.
Егемендікті нығайту үшін жастар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мәдени шараларға қатысып, қазақ тілін дамытуды, тарихи мұраны сақтауды қолға алуда. Олар еріктілік қозғалыстарға қатысып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесіп келеді. Сондай-ақ, халықаралық спорт, өнер және білім сайыстарында жеңіске жетіп, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр.
Патриоттық сезімдерін нақты істерімен көрсететін жастар ел болашағының тірегі. Олар ұлттық құндылықтарды насихаттау мен қоғамның бірлігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға күн сайын үлес қосуда. Президент Тоқаевтың ұстанымына сай, осындай ұмтылыс пен еңбекқорлық елдің жарқын болашағын қалыптастырады.
Ақмола облысы Жақсы ауданы «Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Нутбаева Г.О.